(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2006.11.07. № 253 БҰЙРЫҒЫ

«Салық органдарында мүлікті жария ету жүргізудің кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 11 шілдедегі
№ 253 Бұйрығы

(2006.23.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2007 ж. 12 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Салық органдарында мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.

ҚР Қаржы министрінің 2006.29.08. № 331 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Облыстар, Астана мен Алматы қалалары, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы салық комитеттерінің (бұдан әрі - салық органдары) төрағалары ақша қаражаттарын қоспағанда мүлікті жария етуді жүргізу жөнінде мынадай құрамда комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрсын:

салық органы төрағасының орынбасары (штат кестесінде төрағаның орынбасары лауазымы жоқ болғанда - бөлім бастығы) - комиссияның жетекшісі;

мынадай:

есеп және талдау;

салық тіркеуі;

өндірістік емес төлемдер;

құқықтық қамтамасыз ету;

мәжбүрлеп өндіріп алу;

ақпараттық технологиялар;

салық есептілігін қабылдау және өңдеу мәселелерімен айналысатын құрылымдық бөлімшелердің өкілдері.

3. Комиссия жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылатын Мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссияда салық органдары өкілінің қызметін қамтамасыз етеді деп белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Н.Қ. Рахметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы Н.Қ. Рахметовке жүктелсін.

ҚР Қаржы министрінің 2006.23.11. № 454 бұйрығымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.