«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 331 Қаулысы (2009.29.10. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 331 Қаулысы

(2009.29.10. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен күші жойылды

 

 Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) орындау және  Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) жұмыс тобының құрамы;

2) жұмыс тобы туралы ереже;

3) Іс-шаралар жоспары бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) қызметін қамтамасыз ету органы болып белгіленсін.

ҚР Үкіметінің 2009.29.10. № 1703 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамы  Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі оператор болып белгіленсін және мемлекеттік комиссияға ол туралы ережені бекіту ұсынылсын.

5. Іс-шаралар жоспарын іске асыруға тартылған мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар:

1) Іс-шаралар жоспарының тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) апта сайын аптаның 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін;

3) бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі ведомстволық іс-шаралар жоспарларын әзірлесін.

ҚР Үкіметінің 2009.29.10. № 1703 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

 

ҚР Үкіметінің 2009.29.10. № 1703 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 25 сәуірдегі

№ 331 қаулысымен

бекітілген

 

 Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі№№ 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау және  Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының

құрамы

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 25 сәуірдегі

№331 қаулысымен

бекітілген

 

 

 Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау және  Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы туралы

ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) орындау және  Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы)  Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін құрылды.

2. Жұмыс тобы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

 

2. Жұмыс тобының міндеттері мен функциялары

 

3. Жұмыс тобының міндеті «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

4. Жүктелген міндеттерге сәйкес жұмыс тобының функциялары:

1) мемлекеттік органдардың Іс-шаралар жоспарын орындауға бағытталған іс-қимылдарын үйлестіру және «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - мемлекеттік бағдарлама) әзірлеу;

2) мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелер;

3) Іс-шаралар жоспарының орындалу барысына тиісті түзетулер енгізу;

4) Іс-шаралар жоспарын іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың нақты нәтижелерге қол жеткізуі жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

5. Жұмыс тобы өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес:

1) орталық мемлекеттік және облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарынан және өзге де ұйымдардан өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;

2) өз отырыстарында мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың және олардың лауазымды тұлғаларының Іс-шаралар жоспарын орындау қорытындылары мен Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу жөніндегі есептерін тыңдауға;

3) серпінді жобалардың экономикалық және қаржылық тиімділік пен экологиялық қауіпсіздік талаптары мен өлшемдеріне сәйкестігін бағалау үшін қосымша сараптау топтарын құруға құқылы.

 

 

3. Жұмыс тобының қызметін ұйымдастыру

 

6. Жұмыс тобын төраға басқарады, ол оның қызметіне басшылық етеді, жұмыс тобының отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс тобы жүзеге асыратын қызметке және жұмыс тобы әзірлейтін шешімдерге дербес жауапты болады.

Төраға болмаған уақытта оның функцияларын жұмыс тобы төрағасының орынбасары орындайды.

7. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жұмыс тобының жұмыс органы болып табылады.

8. Жұмыс тобының жұмыс органы жұмыс тобының жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

9. Жұмыс тобының отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ аптасына кемінде бір рет өткізіледі.

Жұмыс тобының төрағасы және оның орынбасары жұмыс тобының қарауына ұсынылған материалдардың негізінде жұмыс тобының жоспардан тыс отырыстарын шақырады.

10. Егер жұмыс тобының отырысында жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды болып саналады.

Жұмыс тобының мүшелері отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады.

11. Жұмыс тобы мүшелерінің отырыстарға қатысу жөніндегі өз өкілеттіктерін басқа адамдарға табыстауға құқығы жоқ.

12. Жұмыс тобының отырыстары ашық болып табылады.

Төрағаның шешімі бойынша жабық отырыстар өткізілуі мүмкін.

13. Жұмыс тобының шешімдері ашық дауыспен қабылданады және егер оған жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданған болып саналады және жұмыс тобының төрағасы немесе оның отырысты өткізген орынбасары қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.

Жұмыс тобы мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс.

14. Жұмыс тобының төрағасы не оның орынбасары жұмыс тобы мүшелерінің келісімі бойынша отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ олардың өткізілетін орны мен уақытын белгілейді және нақтылайды.

15. Жұмыс тобының отырыстарына жұмыс тобының мүшелері болып табылмайтын лауазымды тұлғалар және өзге де тұлғалар шақырылуы мүмкін.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 25 сәуірдегі

№ 331 қаулысымен

бекітілген

 

 Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі

іс-шаралар жоспары