«Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінде жасыл желекті екпелерді күтіп ұстау және қорғау Ережелері туралы» Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 27/7 шешімі (күші жойылды)

Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінде жасыл желекті екпелерді күтіп ұстау және қорғау Ережелері туралы
Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 27/7 шешімі

 

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2007 жылғы 10 сәуірдегі № 29/16 шешімімен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат шешті:

1. Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінде жасыл желекті екпелерді күтіп ұстау және қорғаудың Ережелері бекітілсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика, экология, бюджет, салық және қаржы салаларының мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мен облыс әкімінің орынбасары С.І. Сүлейменовке жүктелсін.

3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыстық мәслихаттың             Облыстық мәслихаттың

XXҮII сессиясының төрағасы       хатшысы

 

Облыстық мәслихат

сессиясының 2006 жылғы

21 желтоқсан № 27/7 шешіміне

қосымша

 

Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінде

жасыл желекті екпелерді күтіп ұстау және қорғау

Ережелері

 

Осы Ережелер кінәратсыз қоршаған орта қалыптастыру үшін елді мекендерін көркейтудің негізгі элементі ретінде оларда жасыл желекті екпелердің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында азаматтық және табиғат қорғау заңнамаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

Ереже елді мекендерінде жасыл желекті екпелерді күтіп ұстау және қорғау саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және меншік нысандарына қарамастан барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін міндетті.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.