«Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 351 Қаулысы (2010.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі
тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 351 Қаулысы

(2010.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 370 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 234 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдар:

1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) 2007 жылғы 1 шілдеге және 1 қазанға Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Жоспардың орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2007 жылғы 10 шілдеге және 10 қазанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

 

ҚР Үкіметінің 2010.30.12. № 1482 Қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)

 Қазақстан Республикасы

 Үкіметінің

 2007 жылғы 30 сәуірдегі

 № 351 қаулысымен

 бекітілген

 

 

Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі

іс-шаралар жоспары

 

 

Ескертпе:

Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі

АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі

ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

Самұрық-Қазына» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі «Самұрық» АҚ - «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ

«Қазына» АҚ - «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ

МҚБ - Мемлекеттік бағалы қағаздар

ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім