(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИН-Ң 2000 Ж. 25 СӘУРДЕГІ № 195 БҰЙРЫҒЫ

Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізудің ережесін бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 25
сәуірдегі № 195 бұйрығы
(ҚР Қаржы министрлігінің 19.03.01 ж. № 146; 19.02.02 ж.
№ 71 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2007 ж. 3 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізудің ережесі бекітілсін.

2. «Бюджеттік ұйымдарда кассалық операциялар жүргізудің уақытша тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1997 жылғы 8 қыркүйектегі № 298 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

Бірінші вице-министр

Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар

жүргізудің ережесі

ҚР Қаржы министрлігінің 19.02.02 ж. № 71 бұйрығымен Ереже мәтініне өзгерістер енгізілді

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже кассалық операцияларды жүргiзудің, мемлекеттік мекемелердің кассаларында қолма-қол ақша қалдығының лимитiн және қолма-қол ақшаны есеп айырысуда пайдаланудың шектi сомасын айқындаудың тәртібін белгiлейдi.

ҚР Қаржы министрлігінің 19.03.01 ж. № 146 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді

2. Мемлекеттік мекемелердің өз мiндеттемелерi бойынша есеп айырысулары, әдетте, қолма-қол ақшасыз тәртiппен жүргiзiледi.

Қолма-қол ақшаны пайдалана отырып, 131 "Тамақ өнiмдерiн сатып алу", 132 "Дәрi-дәрмек пен таңғыш құралдар сатып алу", 139 "Өзге тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатып алу, 146 "Ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа негiзгi құралдарды ұстау, қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу 159 "Өзге де ағымдағы шығыстар" ерекшелiктерi бойынша жалпы сомада айына:

бюджеттік қаражат үшін - 50 еселенген есептiк көрсеткiштен;

ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алынатын қаражат үшiн 100 еселенген есептiк көрсеткіштен аспайтын мөлшерде есеп айырысуды жүзеге асыруға рұқсат етiледi.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.