Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі мен «Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 28 сәуірдегі
№ 108-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі:
1) орталық атқарушы органдармен бірлесіп, Тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілер қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 23 сәуірдегі
№ 108-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы
Экологиялық кодексі мен «Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Заңын іске асыру
мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі