Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі мен «Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 28 сәуірдегі
№ 108-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі:
1) орталық атқарушы органдармен бірлесіп, Тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілер қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.