«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің көліктегі қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 362 Қаулысы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің көліктегі қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 362 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған 2004 жылғы 15 қыркүйекте Астана қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің көліктегі қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісім бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов