Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің көліктегі қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы
КЕЛІСІМ
(Астана қ. 2004 жылғы 15 қыркүйек)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 362 Қаулысымен бекітілді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын үкіметтер атынан осы Келісімге қатысушы мемлекеттер,
қылмысқа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, адам мен азаматтың құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге маңызды мән бере отырып,
Тараптардың көліктегі қылмысқа қарсы күрестегі өзара іс-қимыл жасасуын одан әрі нығайту ниетін білдіре отырып,
жолаушылар мен жүктер тасымалдаудың барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талпыныс білдіре отырып,
халықаралық құқықтың жалпыға ортақ қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Тараптар осы Келісімге, ұлттық заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес көлікте жасалатын, ең алдымен:
а) жеке адамның өмірі мен денсаулығына, ары мен абыройына қарсы;
б) террористік сипаттағы;
в) есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, жарылғыш, қатты әсер ететін улы заттардың, радиоактивтік және биологиялық материалдардың, сондай-ақ адамның денсаулығы мен өміріне және қоршаған ортаға қауіп төндіретін өзге де материалдардың заңсыз айналымына байланысты;
г) заңсыз көші-қонға байланысты;
д) тауарлар мен жүктерді, оның ішінде орын ауыстыруына тыйым
салынған немесе шектеу қойылғандарды заңсыз әкелуге, әкетуге және
транзиттеуге байланысты;
е) меншікке, оның ішінде жүктер мен қол жүгін ұрлауға қарсы;
ж) көлік құралдарының, оны энергиямен жабдықтаудың, жүру
жолдарының, көлік инфрақұрылымы ғимараттары мен құрылыстарының, жаңа
құрал-жабдықтардың, байланыс және сигнализация құралдарының немесе