Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 112-Ө бұйрығы
(2016.21.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 319 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Энергетика министрінің 2016.21.06. № 258 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Энергетика министрінің 2016.21.06. № 258 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу қағидалары бекітілсін.
2. Экологиялық реттеу департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.