Қазақстан Республикасы жоғары оқу-орындарына қабылдаудың Yлгi
ережелерiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігінің 2000 ж. 25 наурыздағы № 247 Бұйрығы
(2006.01.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005.11.03 № 149 бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
“Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 14-тармақшасын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң 2000 жылғы 16 наурыздағы алқасының қаулысын орындау мақсатында бұйырамын:
1. Қосымша берiлген Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына (бұдан әрi - жоо) қабылдаудың Үлгi ережелерi бекітілсiн.
2. Осы Үлгi ережелер Қазақстан аумағындағы барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындарына қатысты деп белгiленсiн.
3. Жоғары білім департаментi (Ә. Әбжаппаров):
1) бір ай мерзiм iшiнде қабылдау бойынша хабарлау тәртібін, үлгiсiн және мерзiмiн дайындасын және оны жоғары оқу орындары мен аймақтық комиссияларға жеткiзсiн;
2) осы бұйрық белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тiркеуден өткізуге ұсынылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә. Ахметовке жүктелсін.
Министр
Білім және ғылым министрінің
2000 жылғы 25 наурыздағы
№ 247 бұйрығына
Қосымша
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005.11.03 № 149 бұйрығымен ереже өзгертілді (бұр. ред. қара)
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2006.01.03. № 95 қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына
қабылдаудың типтік ережелері
1. Жалпы ережелер
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. № 366 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.02.03 ж. № 116-1 бұйрығымен 1-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)