«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» 2003 жылғы 11 шілдедегі № 8 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 14 және 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 12 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістер мен толықтырумен бірге) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы № 3 Нормативтік қаулысы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» 2003 жылғы 11 шілдедегі № 8 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 14 және 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 12 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістер мен толықтырумен бірге) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы № 3 Нормативтік қаулысы

 

Зорлық-зомбылықтың және оны қолданамын деп қорқытудың қауіптілігі дәрежесіне қатысты тонау және қарақшылық туралы қылмыстық заңдарды сот тәжірибесінде дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» 2003 жылғы 11 шілдедегі № 8 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 14 және 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 12 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістер мен толықтырумен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Кінәлінің әрекеттерін ҚК 179-бабы екінші бөлігінің г) тармағымен саралау кезінде соттар шабуыл жасауда қолданылған зат, қару немесе денсаулыққа зиян келтіретін қару ретінде пайдаланылған зат екендігін ескеруі керек.

«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы заңына сәйкес және сараптама қорытындысымен қару деп танылған тірі немесе басқа нысананы жоюға арналған құрылғылар мен заттарды қару деп түсіну керек.

Қару ретінде пайдаланылатын заттар деп жәбірленушінің денсаулығына немесе өміріне қауіпті зиян келтіруі мүмкін (тұрмыста қолдануға арналған пышақтар, ұстара, балта, бұрағыш, арнайы бейімделген құралдар: шоқпар және т.с.с.) құралдар танылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.