Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 ж. 11 шілдедегі № 8 нормативтік қаулысы
(2023.05.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Жоғарғы Сотының 2007.11.05. № 3 Нормативтік қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «қылмыстарды», «қылмыстардың», «қылмыс», «Қылмыс», «қылмыстың», «Қылмыстың», «қылмысты», «қылмысқа», «қылмыстар», «қылмысының», «қылмысы» деген сөздер тиісінше «қылмыстық құқықтық бұзушылықтарды», «қылмыстық құқық бұзушылықтардың», «қылмыстық құқық бұзушылық», «Қылмыстық құқықтық бұзушылық», «қылмыстық құқық бұзушылықтың», «қылмыстық құқық бұзушылықты», «қылмыстық құқық бұзушылыққа», «қылмыстық құқық бұзушылықтар», «қылмыстық құқық бұзушылығының», «қылмыстық құқық бұзушылығы» деген сөздермен ауыстырылды, «ҚК» деген сөз «ҚК-нің» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Бөтеннің мүлкіне қол сұғушылыққа байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау кезінде қолданыстағы заңнаманы сот тәжірибесінде дұрыс және біртекті қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бөтен мүлiктi осы мүлiктiң меншiк иесiне немесе өзге иеленушiсiне залал келтiре отырып, кінәлі адамның немесе басқа адамдардың пайдасына пайдакүнемдiк мақсатта жасалған құқыққа қарсы өтеусіз алып қою және (немесе) айналдыру бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену деп танылады.