«Қазақстан Республикасының 2007-2015 жылдарға арналған электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 147-ө Өкімі (2008.17.07. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасының 2007-2015 жылдарға арналған электр энергетикасы
саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 147-ө Өкімі

(2008.17.07. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының электр энергетика саласын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2007 - 2015 жылдарға арналған электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, мүдделі заңды тұлғалар Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне жүктелсін.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2007 жылғы 31 мамырдағы

№ 147-ө өкімімен

бкітілген

 ҚР Үкіметінің 2008.17.07. № 697 Қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының 2007 - 2015 жылдарға арналған

электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар

жоспары

 

 

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

«Самұрық» АҚ - Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы

РБК - Республикалық бюджет комиссиясы