Егістіктің жойылған алқаптарын анықтау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 316 Бұйрығы
(2010.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 321 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.12.07. № 443 Бұйрығымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі заңын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген:
1) Егістіктің жойылған алқаптарын анықтау әдістемесі;
2) ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.12.07. № 443 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Егіншілік және фитосанитарлық қауіпсіздік департаменті (А.А. Буць) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.