Карантиндiк объектiлер және ерекше қауiптi зиянды организмдер
тiзбелерiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысы
(2005.23.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 13 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Өсiмдiктер карантинi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңын және "Өсiмдiктердi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қарсы күрес жүргiзу iсi республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын карантиндiк объектiлер тiзбесi;
2) Ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесi бекітілсiн.
2. "Қазақстан Республикасының "Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен салаларына кредит беру және мемлекеттік шараларды қаржыландыру туралы" Заңын күшiне енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 13 тамыздағы № 697 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 32, 372-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының