(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2006.03.08 № 5/989 ҚАУЛЫСЫ

Алматы қаласы әкімдігінің жанынан Алматы қаласының аумағында орналасқан,
құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген
жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия құру туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 3 тамыздағы № 5/989 қаулысы

(2007.22.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2007 ж. 18 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі «Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы» № 689 қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы қаласы әкімдігінің жанынан Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб аудандары бойынша Алматы қаласының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссиялар (бұдан әрі - комиссиялар) осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) комиссия туралы Ереже;

2) комиссия шешімінің үлгісі;

3) комиссия мәжілісі хаттамасының үлгісі;

4) жылжымайтын мүлікті жария етуге байланысты комиссияға келіп түскен өтініштерді есепке алу журналының үлгісі;

5) жылжымайтын мүлікті жария етуге ұсынылған құжаттар тізілімінің үлгісі;

6) жылжымайтын мүлікті жария етуге ұсынылған құжаттарды алғандығы туралы қолхаттың үлгісі бекітілсін.

3. Комиссия өз қызметінде комиссия туралы Ережені басшылыққа алады.

4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Алматы қаласы

әкімінің міндетін атқарушы

 

Қ. Бүкенов

 

Әкімдік хатшысы

К. Тәжиева

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2006 жылғы 3 тамыздағы

№ 5/989 қаулысына қосымша

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.