Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
ҚР Президентінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 1179 Жарлығымен күші жойылды
Осы Жарлыққа түсініктемені қара
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес, жаңа білімдерді тиімді тұжырымдауды, сондай-ақ қолдауды және пайдалануды қамтамасыз ететін бәскеге қабілетті ғылыми жүйені дамыту мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде 2007-2009 жылдарға арналған (1 кезең) Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаны іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы маусымның 20-сы.
№ 348
Президентінің
2007 жылғы 20 маусымдағы
№ 348 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың
2007-2012 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
МАЗМҰНЫ
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асырудың тетіктері