«Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарында терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісім» (Шанхай қ., 2006 жыл 15 маусым)

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарында
терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы
келісім
(Шанхай қ., 2006 жыл 15 маусым)

 

2007 жылғы 21 шілдедегі № 281-ІІІ ҚР Заңымен ратификацияланды

2009 жылғы 17 наурызда күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер,

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер халықтарының бейбіт өміріне терроризмнің елеулі қауіп-катер төндіретіндігін түсіне отырып,

Тараптар аумақтарында терроризмге қарсы күрес тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында,

қалыптасқан жағдайда Тараптардың келісілген іс-қимылдары терроризмге қарсы күресте қауырт қажеттілік болып табылатындығына көз жеткізе отырып,

терроризмге қарсы күрес ісінде Тараптар ынтымақтастығын нығайту Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер халықтарының мүдделеріне жауап береді деп есептей отырып,

Тараптар аумақтарында терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды ұйымдастырудың және өткізудің құқықтық негіздерін құруға ұмтыла отырып,

2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясын, 2001 жылғы 15 маусымдағы Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясын, 2002 жылғы 7 маусымдағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы келісімді басшылыққа ала отырып,

ұлттық заңнаманы, халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:

 

1-бап

 

Осы Келісім мақсаттары үшін онда қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

«терроризмге қарсы бірлескен іс-шаралар» - сұрау салушы Тараптардың аумақтарында терроризмге қарсы арнайы құралымдар күштерінің келісілген ниеті мен жоспары бойынша Тараптардың құзыретті органдары өткізетін терроризмге қарсы күрес бойынша іс-шаралары;

«терроризмге қарсы арнайы құралымдар» - терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізу үшін өз заңнамасына сәйкес әрбір Тарап құратын мамандар тобы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.