Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 152 бұйрығы
(2023.03.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Мәдениет министрінің м.а. 2010.26.10. № 120 Бұйрығымен тақырыбы өзгертілді (2010 жылғы 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Мәдениет министрінің 2014.26.06. № 85 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2015.10.12. № 384 бұйрығымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Мәдениет министрінің 2014.26.06. № 85 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2015.10.12. № 384 бұйрығымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022.19.12. № 368 бұйрығымен (2023 ж. 3 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 35-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Мәдениет министрінің м.а. 2010.26.10. № 120 Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Мәдениет министрінің 2014.26.06. № 85 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Кітапхана қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі қағидалар бекітілсін.
2. Тарихи-мәдени мұра департаменті белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2015.10.12. № 384 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.