«Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымдары мен бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдардың есептілігі тізбесін, нысандары мен ұсыну мерзімділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 188 бұйрығы (күші жойылды)

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымдары мен бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдардың есептілігі тізбесін, нысандары мен ұсыну мерзімділігін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 188 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 561 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігі туралы» Заңының 20-бабы 5-тармағының 15)-тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымдарының (бұдан әрі - кәсіптік ұйымдар) есептілік тізбесі;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымдары ұсынатын есептілік нысандары;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес бухгалтерлердің кәсіптік сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың (бұдан әрі - сертификаттау жөніндегі ұйымдар) есептілік тізбесі;

4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес аккредиттелген кәсіптік ұйымдар ұсынатын бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөнінде есептілік нысандары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымдары мен бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдар жыл сайын есепті жылдан кейінгі 1 маусымға дейінгі мерзімде осы бұйрықта белгіленген нысандар бойынша есеп ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) осы бұйрықты заңмен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енгізіледі.

 

Министр

Н. Коржова

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.