Астық сапасының сараптамасы тәртібіне және астық сапасының сертификатын
беруге қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі № 226 бұйрығы
Осы редакция 2007 ж. 25 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Келісілдi
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрлігінiң Стандарттау,
метрология және сертификаттау
жөніндегі комитетінің төрағасы _____________________________
2004 ж. 16 сәуір № __________
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы "Астық туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса берiлген астық сапасының сараптамасы тәртібіне және астық сапасының сертификатын беруге қойылатын талаптар бекітілсiн.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Егiншiлiк департаментiнiң директоры А.Қ.Евниевке жүктелсiн.
3. Егiншiлiк департаментi (Евниев А.Қ.) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
| орынбасары - Министр |
|
|
|
| А. Есімов |
тәртібіне және астық сапасының
сертификатын беруге қойылатын
талаптарды бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы Министрінің
2004 жылғы 19 сәуірдегі
№ 226 бұйрығымен бекітілген
Астық сапасының сараптамасы тәртібіне және астық сапасының
сертификатын беруге қойылатын талаптар
Осы Астық сапасының сараптамасы тәртібіне және астық сапасының сертификатын беруге қойылатын талаптар (бұдан әрi - Талаптар) "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Астық пен оны қайта өңдеу өнiмдерiн экспорттағанда және iшкi рынокта сатқанда керектi құжаттарды ресiмдеу тәртібін жеңiлдету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 8 қаңтардағы № 21 қаулысына сәйкес әзiрлендi және сапасы бойынша стандартқа жатпайтын астықты экспортқа және iшкi рынокта сатуға жол бермеуге бағытталған.