Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу
ережелерін бекіту туралы
ҚР Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес қаулы етемін:
1. Республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу ережелері бекітілсін.
2. «Республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 7 шілдедегі № 1401 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 5-і
№ 363
Президентінің
2007 жылғы 5 шілдедегі
№ 363 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Республикалық бюджет жобасын және төтенше
мемлекеттік бюджетті әзірлеу
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы Республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді, алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу тәртібін айқындайды.
1-бөлім. Республикалық бюджет жобасын әзірлеу тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер