«Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Прмеьер-Министрінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 178-ө Өкімі

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Прмеьер-Министрінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 178-ө Өкімі

 

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

2. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар:

1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге белгіленген тәртіппен енгізсін;

2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін;

3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келтіру мақсатында бұрын қабылданған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге тексеру жүргізсін және тиісті шаралар қабылдасын.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2007 жылғы 5 шілдедегі

№ 178-ө өкімімен

Бекітілген

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы

Еңбек кодексін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет

нормативтік құқықтық актілердің

тізбесі

 

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі

БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі