«Жерді бағалаудың экологиялық критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 шілдедегі № 581 Қаулысы (күші жойылды)

Жерді бағалаудың экологиялық критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 шілдедегі № 581 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 750 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16 және 209-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған жерді бағалаудың экологиялық критерийлері бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 7 шілдедегі

№ 581 қаулысымен

бекітілген

 

Жерді бағалаудың экологиялық критерийлері

Қоныстану аумақтары жерінің экологиялық жай-күйінің

критерийлері

 

 

Ескертпе - топырақ үшін коли-титр - грамында топырақтың 1 ішек таяқшасы болатын ең аз массасы.

 

Тозған топырақ пен жерді анықтауға арналған

диагностикалық және қосымша критерийлер

 

Техногендік (пайдаланудан болған) азып-тозу

1. Жердің бұзылуы

Бұзылған жердің диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:

жер бедерінің морфометрикалық сипаттамасы:

салыстырмалы түрде табиғи жер бетінің тереңдігі немесе биіктігі (м);

жер кертпешінің еңістік бұрышы (градус);

жердің литологиялық құрылысының бұзылуы:

0-100 см қабатта органогендік қабат пен қабаттағы қарашірінді қорының қуаты бойынша құнарлы қабат пен ықтимал құнарлы жыныстың болуы;

жер бетінің бөтен үйінділермен жабылуы;

жер беті және жер асты суларының сипаттамасы:

жер асты суының деңгейі (м);

сулардың минералдануы (г/л);

су жайылуының ұзақтығы (ай).

 

2. Физикалық (егіншілік) азып-тозу

Физикалық азып-тозу мынадай негізгі критерийлер бойынша бағаланады: гранулометриялық құрамы;

жыртылатын (қарашірінді) топырақ қабатының біркелкі тығыздығы, г/см3

текстуралық (агрегатішілік) кеуектілік, см3/г;

тұрақты құрылымдық (жарылып кеткенін есептемегенде, агрегатаралық) кеуектілік, см3/г;

топырақтың жыртылатын (қарашірінді) қабатының құрылымы:

агрономиялық тұрғыдан бағалы және суға төзімді агрегаттардың болуы;

құрылымдық бөліктердің жай-күйі мен қасиеттері;

топырақтың су-физикалық параметрлері:

су өткізгіштігі және топырақтың сүзу коэффициенті (м/тәулік);

негізгі гидрологиялық константтары (ВЗ, НВ) және аэрацияның кеуектілігі;

бөртуі.

 

3. Аграрлық тозу

Топырақтың мынадай теңгерімділік сипаттамалары (органикалық заттар, қоректік элементтер, катионды-анионды құрамы) аграрлық тозудың диагностикалық критерийлері болып табылады:

топырақ профиліндегі қарашірінді қорының кемуі (А+В) бастапқы мөлшерден %;

рН;

физикалық батпақтың кемуі(%);

қарашіріндінің сапалық құрамы;

негізгі қоректендіру элементтерінің жалпы қорының азаюы;

қоректендіру элементтерінің қозғалмалы нысандарымен өсімдіктердің қамтамасыз етілуі;

катиондық алмасу сыйымдылығы, топырақтың негіздермен толығу дәрежесі, сіңірілген негіздердің құрамы.

Аграрлық құнарсызданудың қосымша критерийлері мыналар болып табылады:

лайлы фракцияның минералогиялық құрамы;

белсенді микробтық биомасса деңгейінің төмендеуі (есе саны);

фитоуыттылығы;

топырақ ферментациялық белсенділігінің төмендеуі;

топырақ мезофаунасының биомассасы;

биологиялық әртүрліліктің азаюы (Симпсон индексі, нормадан %);

шымтезектің түзілуі (мм/жыл).

 

4. Эрозия

Эрозияны бағалау үшін статикалық немесе динамикалық критерийлер пайдаланылады, мұның соңғысы топырақ бетінің де ландшафтың да жай-күйін көрсетуі мүмкін.

 

4.1. Су эрозиясы

 

1) Жазықтық эрозиясы

Жазықтық су эрозиясының диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:

топырақ профилі қуатының азаюы, (А+В) %;

топырақ профилінде қарашірінді қорының азаюы (А+В), сол ортадағының %;

топырақтың үстіңгі көкжиегінің гранулометриялық құрамының өзгеруі;

топырақ массасының жоғалуы, т/га/жыл;

ашық қалған топырақ түзетін жыныстың (С) немесе төселіп жатқан жыныстың (D) көлемі, жалпы көлемнің %-ы;

эрозияға ұшыраған топырақ алаңының ұлғаюы, жылына %;

Қосымша қритерийлер мыналар болып табылады:

қарашірінді (жыртылатын жер) көкжиек (см) қуаттың кемуі;

құнарлы заттар қорының кемуі;

шаю жылдамдығы;

жер бетінің еңістігі және эрозиялық үдерістер дамуының қауіптілігі.

 

2) Сызықтық эрозия

Сызықтық эрозияның диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:

аумақтың жыралармен бөлінуі (км/км2);

жер бетіне қатысты алғанда су шайып кеткен орлардың тереңдігі, см.;

топырақ массасының жоғалуы (т/га/жыл);

жаңа жыралардың пайда болуы және барларының өсуі.

Қосымша критерийлер мыналар болып табылады:

жыраның тереңдігі;

алаңының бірлігіне келетін жыра саны;

алаңының бірлігіне келетін жыралардың жалпы алаңы;

жыралардың су жинау алаңының кейбір сипаттамалары.

 

4.2. Жел эрозиясы

Санамаланғаннан басқа жел эрозиясының диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:

құнарсыз қабаттың дефляциялық үйіндісі, см.;

жер пайдаланудан шығып қалған алқаптардың алаңы (табиғи алқаптарда өсімдіктер өспей қалған), жалпы алаңының %;

жайылымдық өсімдіктердің проективті жауып қалуы, аймақтық алаңының %;

азып-тозған жайылымдар алаңының өсу жылдамдығы, жылына %;

қозғалмалы құм алаңы, жалпы алаңының %;

қозғалмалы құм алаңының артуы, жылына %;

Қосымша параметрлердің арасында мынадай критерийлер пайдаланылады:

дефляцияның үдемелілігі немесе дефляцияның жылдамдығы;

топырақ профилінде қарашірінді қорының кемуі (А+В);

гранулометриялық құрамның жеңілдеуі;

шөп қалыңдығы мен егістің сиреу дәрежесі.

 

5. Тұздану

 

5.1. Тұздану

Тұздану дәрежесінің негізгі критерийлері мыналар болып табылады:

үстіңгі құнарлы қабаттағы уытты тұздардың құрамы (%);

уытты сілтіліктің ұлғаюы (тұзданудың бейтарап типінен сілті типіне ауысқан кезде), мг-экв/100 г. топыраққа;

тұздалған жер алаңының артуы, жылына %;

ортаның реакциясы (тұз және су сығындысындағы рН).

Қосымша критерийлер ретінде жер асты суларының деңгейі мен минералдануы туралы деректер пайдаланылады.

 

5.2. Сортаңдану

Сортаңданудың негізгі критерийлері мыналар болып табылады:

алмасатын натрий құрамының артуы (катионды алмасу сыйымдылығынан (КАС) %-бен);

алмасатын магний құрамының артуы (КАС) %-бен);

ортаның реакциясы (рН).

Топырақтың физикалық қасиеттері және әсіресе топырақ құрылымының сортаңдануының қосымша критерийлері болып табылады.

 

6. Батпақтану

Диагностикалық критерийлер мыналар болып табылады:

топырақ-жер астындағы сулар деңгейін көтеру, м;

су жайылуының ұзақтығы (ай);

жер астындағы сулардың минералдануы (г/л);

Қосымша профильдің (гидроморфизм белгілері) морфологиялық құрылысының сипаттамалары пайдаланылуы мүмкін.

 

Топырақ және жердің тозу дәрежесін белгілеу

критерийлері

 

 

Ескертпе - бастапқы ретінде жұтаңданбаған ұқсас жердің жай-күйі (нөлдік жұтаңдану дәрежесі) қабылданады.