Қазақстан Республикасында медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың
қауіпсіздігін жіктеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 330 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 764 бұйрығымен күші жойылды
«Дәрілік заттар туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 32-3-бабы 2-тармағын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігін жіктеу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті (Б.А. Машкеев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Ж.М. Мұхамеджанов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.