«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 27 маусымдағы № 91/183 қаулысы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір
қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 27 маусымдағы
 № 91/183 қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сай Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларына жіберілсін.

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

Төрағасы

Қ. Тұрғанқұлов

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

Хатшысы

Б. Мелдешов

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2007 жылғы 27 маусымдағы № 91/183

қаулысына қосымша

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының

күші жойылған қаулыларының тізбесі

 

1. «Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарын сайлау жөніндегі облыстық, округтік, учаскелік сайлау комиссиялары құжаттарының үлгі тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1995 жылғы 9 қазандағы № 9 қаулысы.

2. «1999 жылғы Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттарының сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер байқаушылары, депутаттыққа кандидаттардың сенім білдірген адамдары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 19 шілдедегі № 17/218 қаулысы (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 1999 жылғы 26 шілдеде тіркелген, тіркеу № 854).

3. «Қайта дауыс беру өткізген жағдайда саайлаушылардың дауысын бірдей мөлшерде алған депутаттыққа кандидаттардың тегін сайлау бюллетеніне енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 9 желтоқсандағы № 45/273 қаулысы.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.