Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 2007 жылғы 22 маусымдағы № 221 Бұйрығы

Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 2007 жылғы 22 маусымдағы № 221 Бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 104 бұйрығымен күші жойылды

 

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Н. Коржова

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2007 жылғы 22 маусымдағы

№ 221 бұйрығымен

бекітілген

 

Бухгалтерлік есепті жүргізу

ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттарына сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасының аумағындағы дара кәсіпкерлермен және ұйымдармен бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін белгілейді.

2. Осы Ереженің күші:

бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жүзеге асыратын қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған

арнайы қаржы компанияларына;

бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеуді мемлекеттік мекемелер үшін Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерімен белгілейтін мемлекеттік мекемелерге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.