Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын
сүрек дайындау жөніндегі қызметтi лицензиялаудың кейбір мәселелерi және
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 2 қазандағы
№ 1018 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 ж. 19 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген 1-қосымша мынадай мазмұндағы 43-тармақпен толықтырылсын:
"43. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман қоры
Ауыл шаруашылығы министрлігінiң учаскелерiнде орман
Орман және аңшылық шаруашылығы пайдаланушылар жүзеге
комитетi асыратын сүрек дайындау
жөнiндегі қызмет";
2) "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 5, 30-құжат):