Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысы (2006.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым
ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысы

(2006.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2007.19.07. № 610 Қаулысымен күші жойылды

 (ҚР Үкіметінің 2007.19.02 № 125 Қаулысымен   1 қаңтардаң бастап күші жойылған   Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларының 1-тарауы 1-тармағының 8-1) тармақшасын қоспағанда)

 

«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi), «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкалары бекітілсiн.

2. «Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы № 127 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 28, 337-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

3. Мемлекеттік органдар бiр ай мерзiмде бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.

ҚР Үкіметінің 16.04.02 ж. № 434 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді

4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалар үшін және 2002 жылғы 31 қаңтардан бастап жеке тұлғалар үшін күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы

№ 100 қаулысымен бекітілген

Жекелеген қызмет түрлерiмен

айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым

ставкалары

ҚР Үкіметінің 16.04.02 ж. № 434; 17.07.02 ж. № 794; 30.08.03 ж. № 833; 02.10.03 ж. № 1018; 04.03.04 ж. № 269; 11.08.04 ж. № 842; 13.08.04 ж. № 860 (бұр. ред. қара); 25.11.04 ж. № 1233; 2005.22.06 № 613 (бұр. ред. қара); 2005.27.07 № 779 бұр. ред. қара); 2005.19.08. № 853; 2005.24.08 № 867; 2005.02.09. № 893 (бұр. ред. қара); 2005.21.10. № 1057 ; 2005.02.12. № 1192 (бұр.ред.қара); 2005.22.12. № 1270 (ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2005.31.12. № 1334 (бұр.ред.қара); 2006.15.03. № 168 (бұр .ред. қара); 2006.11.05 № 380 (бұр. ред. қара); 2006.28.09. № 931 (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 1311 ; 2007.19.02. № 125 (бұр.ред.қара)  қаулыларымен қосымша өзгертілді