№ 1 ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 218 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 бұйрығымен күші жойылды
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 4) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған № 1 ұлттық қаржылық есептілік стандарты бекітілсін.
2. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.
3. «23 «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің есебі және есептілігі» бухгалтерлік есептің стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 20 ақпандағы № 84 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 20 наурызда № 2754 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4 Осы бұйрық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.