Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері
жөніндегі комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002
жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығы
(2007.23.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 23 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамы бекітілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының