Қазақстан Республикасы Yкіметінің заң жобалау жұмыстарының
2007 жылға арналған жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы № 78 Қаулысы
(2007.30.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 6 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2007 жылға арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысын үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
3. Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобаларын Жоспарда белгіленген айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2007 жылғы 2 ақпандағы
№ 78 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2007.31.03. № 247 (бұр. ред. қара); 2007.31.03. № 250 (бұр. ред. қара); 2007.30.06. № 548 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен жоспар өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының
2007 жылға арналған жоспары