Тиісті қызмет салалары мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгі (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қарау ереже
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 166-ө бұйрығы
(2014.20.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 971 бұйрығымен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014.20.08. № 10 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 117-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қарау ережесі бекітілсін.
2. Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаменті (С.С. Әбденов) осы бұйрықтың Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.