«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 22 тамыздағы № 235-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілер қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 22 тамыздағы
№ 234-ө өкімімен
Бекітілген
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар
туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі
Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: