1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 21 шілдедегі № 779 қаулысымен
Бекiтiлген
Бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігін бағалауды жүргiзу epeжeci
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргізу ережесi (бұдан әрi - Ереже) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, атқару және олардың атқарылуын iшкi бақылау процесiнде олардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзу тәртібін және көрсеткiштерiнiң жүйесiн айқындайды.
2. Бюджеттік бағдарламалардың тиімдiлігін бағалауды бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi, бюджеттi жоспарлау, бюджеттi атқару және бюджеттiң атқарылуын iшкi бақылау жөніндегі уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
3. Бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлігін бағалау iске асырылатын бағдарламалардың түпкi мақсатына қол жеткiзу дәрежесiн айқындау үшiн шығыстардың тиiмдiлiк, уақтылылық, сапа, нәтижелiлiк өлшемдерi қолданыла отырып жүргiзiледi.
Тиiмділік өлшемi - бұл мемлекет ұсынған қызметтер (орындалған жұмыстар) бiрлiгiне болған шығыстардың көлемiн сипаттайтын сандық көрсеткiш.
Уақтылылық өлшемi - iс-шараларды (тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алу) орындаудың белгiленген мерзiмдерiн ескере отырып, бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуын сипаттайтын көрсеткiш.
Сапа өлшемi - мемлекеттік қызмет көрсетулердi алушылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру деңгейiн (сапасын) сипаттайтын көрсеткiш.
Нәтижелiлiк өлшемi - бюджеттік бағдарламалардың мақсатына қол жеткiзу деңгейiнiң (дәрежесiнiң) көрсеткiшi.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.