Ақтау қаласы бойынша жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффиценттері мен салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы туралы Маңғыстау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 15 тамыздағы № 26/432 шешімі (2008.12.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Ақтау қаласы бойынша жер салығының базалық ставкаларына түзету
коэффиценттері мен салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 15 тамыздағы № 26/432 шешімі

(2008.12.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 13/163 шешімімен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8, 11-баптарына және Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 338-бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Ақтау қаласы бойынша жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері мен салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы 1,2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы

Б. Әбдікәрімов

 

Облыстық мәслихат

хатшысының міндетін атқарушы

 

М. Құдиярова

 

Облыстық мәслихаттың 2007 жылғы

15 тамыздағы № 26/432 шешіміне

1-қосымша

 

Маңғыстау облыстық мәслихаттың 2008.12.02. № 4/61 шешімімен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Ақтау қаласы бойынша жер салығының базалық ставкаларына

түзету коэффициенттері және Ақтау қаласы жерлерінің

аймақтарын сипаттау

 

Аймақтар 

Аймаққа кіретін шағынаудандар және басқа да әкімшілік құрылымдар

Салықтық аймақ бойынша орта коэф.

I

Теңіз жағалауы, коммерциялық мақсаттарға арналған жер учаскелері

1,50

II

№ № 2, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 26, 27 шағынаудандар

1,25

III

№ 3, 3а, 3б, 22, 23, 24, 25, 28, 28 а, 29 шағынаудандар және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жобалаған учаскелер 

1,00

IV

Өнеркәсіптік аймақ

1,00

V

Өмірзақ селосы, Өмірзақ селосына қарайтын «Энергетик» ББС, Ақтау қаласына қарайтын «Приморский» ББС  біріктіреді

1,00

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.