2007 жылы төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауда және мәслихаттары депутаттарын кезекті сайлауда дауыс беру уақытында сайлау бюллетеньдерін пайдалану туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау коссиясынының 2007 жылғы 15 тамыздағы
№ 109/237 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 41 және 42-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жасырын дауыс беруге арналған кабинада сайлау бюллетенін (бюллетеньдерін) өзі дауыс беретін кандидат тегінің, саяси партия атауының оң жағындағы бос шаршының ішіне кез келген белгі соғу арқылы толтырған сайлаушы оны (оларды) дауыс беруге арналған жәшікке салады.