Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 22/36 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясының
2026 жылғы 24 маусымдағы
№ 22/36 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының күші жойылған кейбір қаулыларыны
ң тізбесі
1. «2007 жылы төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауда және мәслихаттары депутаттарын кезекті сайлауда дауыс беру уақытында сайлау бюллетеньдерін пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау коссиясынының 2007 жылғы 15 тамыздағы № 109/237 Қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4875 болып тіркелген).
2. «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі Сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 10/233 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9572 болып тіркелген).