Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қыркүйектегі № 781 Қаулысы (2008.18.11. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қыркүйектегі № 781 Қаулысы

(2008.18.11. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1017 Қаулысымен күші жойылды

 

«Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 239 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 10, 129-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 662 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 341-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 15-тармағы.

3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 8 қыркүйектегі

№ 781 қаулысымен

бекітілген

 

 

Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің

 тізбесі

 

 

 

ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен ескертпе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Ескертпе:

1. Ғимараттарды, құрылыстарды, кәсіпорындардың сыртқы технологиялық қондырғыларын өрт қаупі немесе жарылыс-өрт шығу қаупі бар өндірістің санатына жатқызу республикалық технологиялық жобалау нормаларымен РТЖН 01-94 анықталады.

2. Жарылыс-өрт шығу қаупі бар ғимараттардың, үй-жайлар мен сыртқы технологиялық қондырғылардың алатын орнының жалпы өндірістік алаңының үлесін анықтау кезінде есепке жарылыс-өрт шығу қаупі бар заттар мен материалдар сақталатын ашық алаңдар алынады.

3. Негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің саны мен өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің саны»«Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер мен құрылыстар» ҚНжәнеЕ 4.01.02-2001 бойынша объекті сыртында өртті сөндіруге жұмсалатын судың және ауысымдағы өртке қарсы қызметтің жауынгерлік есебінің тактикалық мүмкіндіктерін ескере отырып анықталады.

4. Негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің (автоцистерналардың, автосорғыштардың, ұнтақты немесе көбікті өрт сөндіру автомобильдерінің) түрлері ұйымда (кәсіпорында) қолданылатын (сақталатын) заттар мен оларды сөндіру ерекшеліктерін ескере отырып анықталады. Арнайы өрт техникасының (автосатылардың, автокөтергіштердің) бар болу қажеттігі ғимараттар мен кәсіпорындағы сыртқы технологиялық қондырғылардың биіктігіне байланысты анықталады.

5. Өндірістік-өнеркәсіптік аумақта орналасқан шаруашылық жүргізу ұйымдары мен объектілерін өртке қарсы қорғауды осы кәсіпорындардың өртке қарсы қызметінің қызметкерлері мен ұтқыр өрт техникасына қызмет көрсету және оны ұстау жөніндегі үлестік қатысуы арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін. Бұл ретте бөлімшенің жалпы штаттық саны мен техникалық жарақтандырылуы өрт қауіпсіздігі саласында бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органымен келісім бойынша әр кәсіпорынның өндірістік сипаттамалары ескеріле отырып анықталады.

6. Өнеркәсіп объектілерінде жолға шығатын техникасы бар өртке қарсы қызметті құру кезінде өрт депосының қызмет көрсету радиусы «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарлары» ҚНжәнеЕ ІІ-89-80* белгіленген нормативтен аспауға тиіс.

7. Жолға шығатын техникасы жоқ өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жалпы саны мен техникалық жарақтандырылуын өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органымен келісім бойынша объект, ұйым жетекшісінің басшысы кәсіпорындағы учаскелер санына байланысты және тәулік бойы кезекшілік пен объектіні өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етуді ескере отырып анықтайды.

8. Орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері мен заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын аумақтарға арналған жолға шығатын техниканың саны ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның тиістілік нормаларына сәйкес анықталады.

9. Осы тізбеге енгізілмеген және өртке қарсы қызмет бөлімшелері бар ұйымдар мен объектілер олардың әрі қарай жұмыс істеуін сақтауы мүмкін.