Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 Қаулысы
(2014.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.29.05. № 698 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 1386 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 3 қазандағы
№ 891 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы
электрондық ақпараттық ресурстардың
тізбесі*
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.29.05. № 698 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ескертпе өзгертілді
*Қол жетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды интернет-ресурстарда орналастыруға тыйым салынады