Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 Қаулысы
(2007.17.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 8 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 58-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесі бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-29, 31, 32, 34, 35, 37, 40, 41, 45-51, 54, 72-75-тармақтарды қоспағанда, 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.