Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар талаптарының орындалуын сақтау мониторингін
және оны бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 863-1 Қаулысы
(2010.20.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 117 Қаулысымен күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 7-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар талаптарының орындалуын сақтау мониторингін және оны бақылауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 454 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2007 жылғы 1 қазандағы
№ 863-1 қаулысымен
бекітілген
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар
талаптарының орындалуын сақтау мониторингін және оны
бақылауды жүзеге асыру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар талаптарының орындалуын сақтау мониторингін және оны бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
2. Келісім-шарттар талаптарының орындалуын сақтау мониторингі келісім-шарттар талаптарының орындалуын сақтауды бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттар бойынша міндеттемелерін іске асыру барысы туралы ақпаратты жинау мен қорыту жөніндегі қызметті қамтиды.
3. Келісім-шарттар талаптарының орындалуын сақтауды бақылау жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттар талаптарын орындауын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті қамтиды.
4. Келісім-шарттар талаптарының орындалуын сақтау мониторингін және оны бақылауды құзыретті органдар жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 454 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Жер қойнауы туралы Заңға сәйкес келісім-шарттар талаптарының орындалуын сақтау мониторингін және оны бақылауды жүзеге асыру кезінде мыналар құзыретті органдар болып табылады:
кең таралған пайдалы қазбаларды және қойнауқатқа айдалатын өндірістік-техникалық жерасты суларын қоспағанда, барлауға, өндіруге және бірлесіп барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттар бойынша - министрлік туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі;
барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша - жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган;
кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және бірлесіп барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттар бойынша - облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар.
2. Келісім-шарттар талаптарының орындалуын сақтау мониторингін жүзеге асыру тәртібі
6. Келісім-шарттар талаптарының орындалуын сақтау мониторингі жер қойнауын пайдаланушылар есеп беру нысанында ұсынатын бастапқы ақпарат, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісім-шарттар мен заңнама талаптарының орындалуы бойынша жазбаша түсініктемелер, сондай-ақ жер қойнауы туралы Заңға сәйкес мониторингіге қатысушы және (немесе) заңнамалық актілерге сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдардың деректері негізінде жүзеге асырылады.
7. Қатты немесе кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмейтін мерзімде келісім-шарт талаптарының орындалуы туралы тоқсан сайынғы есепті береді.
8. Көмірсутекті пайдалы қазбаларды барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмейтін мерзімде келісім-шарт талаптарының орындалуы туралы тоқсан сайынғы есепті береді.
9. Жерасты суларын, емдік балшықтарды барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмейтін мерзімде келісім-шарт талаптарының орындалуы туралы тоқсан сайынғы есепті береді.
10. Барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмейтін мерзімде келісім-шарт талаптарының орындалуы туралы тоқсан сайынғы есепті береді.
11. Жер қойнауын пайдаланушылар осы Ереженің 7-10-тармақтарына сәйкес ұсынатын келісім-шарт талаптарының орындалуы туралы есептің негізінде жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жиынтық есептерді дайындайды, олар келісім-шарттар талаптарының орындалуы туралы есептерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін екі айдың ішінде құзыретті органға жіберіледі.
12. Келісім-шарттар талаптарының орындалуын сақтау мониторингін жүзеге асыру мақсатында мониторингке қатысатын және (немесе) заңдарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар құзыретті органдар орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, шығаратын ақпаратпен алмасу туралы бұйрықтардың негізінде құзыретті органдарға мониторингтің және (немесе) бақылаудың нәтижелері туралы деректер береді.
Көрсетілген мәліметтерді мына мемлекеттік органдар ұсынады:
1) сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті орган - тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға қатысты қазақстандық мазмұн бөлігінде;
2) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіретін уәкілетті орган - қазақстандық кадрларды тартуға қатысты қазақстандық мазмұн бойынша, сондай-ақ оларға кемсітпеушілік негізде жағдай жасау мен еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету бойынша;
3) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар - қазақстандық мазмұн және аумақтарды әлеуметтік дамыту бөлігінде;
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган - жер қойнауын пайдаланушылардың экологиялық заңнаманы орындауы бөлігінде;
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган - жер қойнауын пайдаланушылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманы орындауы бөлігінде;
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган - денсаулықты қорғау туралы заңнаманы және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманы сақтау бөлігінде;
7) мемлекеттің алдындағы салықтық міндеттемелердің орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті орган - жер қойнауын пайдаланушылардың салық заңнамасын сақтауы бөлігінде;
8) жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган - жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі заңнаманы сақтау бөлігінде.
13. Мониторингтің барлық деректерін, оның ішінде басқа мемлекеттік органдардан түсетін деректерді құзыретті орган бірыңғай ақпараттық дерекқорға - Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне енгізеді (ЖП МБМЖ).
3. Келісім-шарт талаптарының орындалуын сақтауды бақылау
14. Келісім-шарттар талаптарының орындалуын сақтауды бақылауды (бұдан әрі - бақылау) құзыретті органдар жүзеге асырады.
15. Бақылау барысында құзыретті органдар мониторинг деректерін талдауды жүзеге асырады, жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарт талаптарын сақтауы бойынша оларды тексеруді жүргізеді.
16. Құзыретті органдар жер қойнауын пайдаланушыны алдын ала хабардар ете отырып, заңнамаға сәйкес жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарттар талаптарын сақтауын бақылау мақсатында тексерістер жүргізуге құқылы.
Жер қойнауын пайдаланушыларды тексеруді құзыретті органдар дербес не басқа мемлекеттік органдарды тарта отырып жүргізе алады.
Құзыретті органдар қажет болған жағдайда тексерістер жүргізу кезінде консультациялар алу, арнайы білім мен дағдыларды қажет ететін мәселелерді зерттеу үшін консультанттар (тәуелсіз сарапшылар) тартуға құқылы.
17. Егер бақылау барысында жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт талаптарын орындамау фактісі анықталған жағдайда, құзыретті орган мұндай жер қойнауын пайдаланушыға қатысты заңға және келісім-шарт ережелеріне сәйкес шаралар қолданады. Құзыретті орган осы Ереженің 12-тармағына сәйкес ақпарат ұсынған тиісті мемлекеттік органдарды қабылданған шаралар туралы хабардар етеді.
1-қосымша
Есеп беруші__________________________________________
________________________________________________________________
Атауы, мекен-жайы, телефоны, электрондық поштасы
СТН ______________________________
№ 1-ЛКТ НЫСАНЫ
Лицензиялық/келісім-шарттық талаптардың орындалуы
туралы есеп (қатты немесе кең таралған пайдалы қазбаларды
барлау және (немесе) өндіру)
200__ж.________________
2-қосымша
Есеп беруші _____________________________________________
____________________________________________________________
Атауы, мекен-жайы, телефоны, электрондық поштасы
СТН ______________________________
№ 2-ЛКТ НЫСАНЫ
Лицензиялық/келісім-шарттық талаптардың орындалуы туралы
есеп (көмірсутек шикізатын барлау және (немесе) өндіру)
200___ж._____________
Лицензиялық/келісім-шарттық талаптардың орындалуы туралы
есепке қосымша (өнімді бөлу туралы келісімдер
(келісім-шарттар үшін)
200__ж. _________ тоқсаны үшін
кестенің жалғасы