Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына уақытша тыйым салуды белгілеу және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 тамыздағы № 765 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қазандағы № 976 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1317 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2008 жылғы 1 ақпанға дейін «тауар экспорты» режимінде тауарларды кедендік ресімдеуге тыйым салынсын.
2. «Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 тамыздағы №765 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 324-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне 1-қосымшада: мына: