Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 225-ө бұйрығы
(2010.12.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 135 бұйрығымен күші жойылды
1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 34-бабының 8 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету Ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және белгіленген заңнама тәртібімен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.12.08. № 275-ө бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасына жүктелсін.
4. Бұйрық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.