Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы
27 қыркүйектегі № 225-ө бұйрығы
Осы редакция 2010 жылғы 12 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 34-бабының 8 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету Ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және белгіленген заңнама тәртібімен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Ж.Н.Әбдиевке жүктелсін.
4. Бұйрық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.