Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 Бұйрығы
Осы редакция 2007 жылғы 8 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» және «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын орындау үшін, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы бұйрық ресми бірінші жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірін беру 2007 жылдың 13 тамызынан бастап жүзеге асырылады.
4. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа 2, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12-қосымшалар 2010 жылдың 13 тамызына дейін жарамды.
5. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22-қосымшалар 2010 жылдың 13 тамызынан бастап күшіне енеді.