Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны
құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 28 мамырдағы № 581 қаулысы
(2007.27.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 15 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 желтоқсандағы № 1598 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының 2002-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасын және «Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы» Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының ережелерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес құрамда Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының