«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көші-қон органдары басшыларының, кеңесін құру туралы» келісім (Душанбе, 2007 жыл 5 қазан )

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
Көші-қон органдары басшыларының, кеңесін құру туралы
Келісім
(Душанбе, 5 қазан 2007 жыл)

 

Келісім қол қойылған күннен бастап күшіне енді

 

Осы Келісімге өзгеріс енгізу туралы Хаттаманың жобасы КР Президентінің қарауына КР Үкіметінің 2009.07.10. № 1537 Қаулысымен енгізілді

 

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы - мемлекеттер, бұдан әрі - Тараптар деп аталады,

көші-қон саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән бере, көші-қон саясаты негізгі бағыттары бойынша өзара іс-қимылдарды үйлестіруге ұмтыла,

осындай ынтымақтастықты дамыту олардың халықтарының мүддесіне жауап беретінін сезіне,

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып,

төмендегідей туралы келісті:

 

1-бап

 

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің көші-қон органдары басшылары Кеңесі, бұдан әрі Кеңес деп аталады, құрылсын.

 

2-бап

 

Кеңес өз қызметін осы Келісімнің ажырамайтын бөлігі болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің көші-қон органдары басшылары Кеңесі туралы ереже негізінде жүзеге асырылады.

 

3-бап

 

Осы Келісім қол қойылған күнінен, ал заңнамасы оның күшіне енуіне қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауды талап ететін Тараптар үшін, депозитарийге аталған рәсімдерді орындау туралы жазбаша хабарлама келіп түскен күннен бастап күшіне енеді.

 

4-бап

 

Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге жеке хаттамалар түрінде ресімделіп, осы Келісімнің 3-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

 

5-бап

 

Осы Келісімге оның ережелерін ұстанатын және осы Келісімнен туындайтын міндеттемелерді қабылдауға дайын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-басқа мемлекеттердің қосылуына жолы ашық. Қосылатын мемлекет үшін Келісім депозитарийге қосылуы туралы құжаттар келіп түскен күнінен бастап күшіне енеді.

 

6-бап

 

Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнен шығатын күнінен 6 айдан кешіктірілмей депозитарийге өз ниеті туралы жазбаша хабарлама жолдай отырып шыға алады.

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.