Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерiне арналған тарифтердi
қайта теңдестiру жоспарын және олардың әмбебап қызметтерiне арналған
тарифтердi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы № 884 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.19.01. № 28 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 жылғы 29 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңына және "Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 18 ақпандағы № 168 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасындағы телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерiне арналған тарифтердi қайта теңдестiру жоспары;
2) Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерiне арналған тарифтер бекітілсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қазаннан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының